Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Тоғыз айға 9 іс-шара» атты тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана қолдауымен ағымдағы жылдың 28-ші ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челленджі өтті

Челлендждің мақсаты оқушыларды кітап оқуға шақыру арқылы оқу белсенділіктерін арттыру, классик жазушылардың шығармаларын оқуға тарту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

Челленджге арнайы шақырылған қонақтармен қатар, еліміздің барлық аймақтарының Білім басқармалары, білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Маңғаз өлке – Маңғыстау облысы Қорқыт баба мен ақын Нартайдың, Әбдіжәміл мен Қалтайдың туған өлкесі, сыр елі Қызылорда облысының жолдаған челленджін қабыл алды.

Маңғыстау облысы Бұхар жырау мен Мәшһүр Жүсіп мекендеген Ертіс өңірі – Павлодар облысының жас оқырмандарына Маңғыстаудың ұлы перзенті, қоғам қайраткері, халық жазушысы, «Адамды адам еткен – Кітап, адамзат еткен – Кітапхана» деген құдыретті сөздердің авторы Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесін оқуды ұсынды.

Айта кетейік, Қызылорда облысының жолдаған Әбдіжәміл Нұрпейісовтың “Қан мен тер” шығармасы облысымыздың барлық білім беру ұйымдарында белсенді оқытылатын болады.

#меніңсүйіктікітабым
#Павлодароблысыныңбілімберубасқармасы
#Маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий