Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Worldskills Aktau 2024 чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті

Шараға Маңғыстау облысы Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Сармурзина Жания Оңалбайқызы, «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Баймбетова Тарбия Анайбековна құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Басшының міндетін атқарушы Сәнімхан Қабидоллақызы “WorldSkills Kazakhstan-2023” республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысқан студентермен ата-аналарға алғыс хаттарын табыстады.

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінен Worldskills Aktau 2024 чемпионатына 15 құзыреттілік бойынша барлығы 75 студент, 45 сарапшы, оның 30 – колледж сарапшысы, 15 – тәуелсіз сарапшы ретінде қатысып отыр.

Ашылу салтанатынан соң Маңғыстау облысының білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім бөлімі, Ақтау қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы – Баймағанбетов Тілеп Жұмайұлы, «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Баймбетова Тарбия Анайбековна, әлеуметтік серіктестіктер, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ өкілдері алаңдарды аралап студенттертің жұмыстарымен танысты. Колледждің материалдық техникалық базасына қонақтар оң бағасын берді. Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ өкілдері екі – жақты меморандумға отыруға, қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру туралы ұсыныс тілектерін білдірді.

 

#Маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий