Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне арналған курстар басталды

Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекеттік ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Оларды «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жүргізеді. Орталық басым бағыттар (заттық-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру, арт-педагогикалық технологиялар, арнайы және инклюзивті білім беру) бойынша 12 бағдарламасын жүзеге асырады.

Еліміздің он жеті өңірінде 10 бағдарлама бойынша тегін оқыту ақпан айының 26-сында басталды. Биыл мектепке дейінгі ұйымдардың 11 мыңнан астам педагогі оқытылады. – Курс басталған күні 1453 педагог оқуға кірісті. Курстардың бағдарламалары оқытудың инновациялық және ойын түрлеріне бағдарланған және бала дамуының жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып құрылған. Алғаш рет мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының жаңа тәсілдерін ендіру бойынша өтпелі тақырыптарды қосу арқылы 5 модульдік бағдарлама жасалды, – дейді «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма Төрағасы Еламан Айбульдинов.

Оқу аяқталған соң тыңдаушыларға 9 ай бойы курстан кейінгі жеке қолдау көрсетілетінін атап өткіміз келеді. Курстан кейінгі қолдаудың бастапқы кезеңі тыңдаушылардың курс оқытушысымен бірге жеке даму жоспарын құру болып табылады. Бұл үшін 28 академиялық сағат бөлінеді. Педагогтерге дамудың жеке траекториясын анықтау бойынша әдістемелік қолдау мен консультациялық көмек беріледі.

Айжан ӘЛИАСҚАР,
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының баспасөз хатшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий