Көліктегі құқықтық тәртіп

2024 жылдың 5-7 наурыз аралығында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы қызмет атқаратын учаскесінде “КӨЛІКТЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты: қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында, теміржол вокзалы мен жолаушылар пойыздарында қылмыстардың алдын алу, қылмыс болдырмау және жолын кесу. Астана қаласы теміржол вокзалындағы желілік полициясы басқармасы кызмет атқаратын аумағында полиция қызметкерлерімен қоғамдық орынды ластау, белгіленбеген орындарда сауда жасау.

 

Сондай-ақ қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау, тасмалдау фактілерін анықтауға. қоғамдық орындарда әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмауға көп көңіл бөлінуде. Осы іс-шара аясында темір жол вокзалы мен жолаушылар пойыздарында заңдылықты қадағалау күшейтілді. Астана қаласының тұрғындарымен қала қонақтарына құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.

Егер Сіз құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, 102 жедел басқару орталығына немесе 94-29-45 Астана станциясы желілік полиция басқармасының сенім телефонына хабарлаңыз.

Н. СЕКСЕНБАЕВ,
Астана қаласы теміржол вокзалындағы
желілік полиция басқармасы бастығының
міндетін атқарушы,
полиция капитаны 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий