Yessenov University мен адмирал Ушаков атындағы МТУ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум
Yessenov University және адмирал Ф. Ф. Ушаков атындағы Мемлекеттік Теңіз университеті (МТУ) теңіз мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Новороссийсктегі адмирал Ушаков атындағы МТУ-де азаматтық және сауда флотына әртүрлі мамандар дайындалады. Студенттер үшін инновациялық құрал-жабдықтармен және тренажерлар жабдықталған заманауи оқу-зертханалық база құрылды. Сонымен қатар, Теңіз көлігі үшін кадрларды даярлау Халықаралық теңіз ұйымының (IMO) Теңізшілерді даярлау, сертификаттау және вахталық сақтау стандарттары туралы Халықаралық конвенциясының талаптарына сәйкес мемлекеттік білім беру стандарттарына (International STCW Convention) сәйкес жүзеге асырылады.
Меморандумға қол қою аталмыш университеттің қабырғасында университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Сергей Кондратьев және университет проректорлары, техника ғылымдарының докторы, Yessenov University Теңіз академиясының профессоры Жолдыбай Жұмаев пен YU Теңіз академиясының аға оқытушысы Константин Маловтың қатысуымен салтанатты түрде өтті.
Айта кетейік, Есенов университетінің жанындағы Теңіз Академиясы 2018 жылдың тамызында құрылғаннан бастап, теңіз өнеркәсібі үшін жоғары білікті мамандарды даярлаудың негізгі орталығы болып табылатынын еске салғымыз келеді. Қазіргі уақытта Академияда 200-ден астам студент пен 15 магистрант кеменің энергетикалық қондырғыларын пайдалану, кеме жүргізу, кеменің электр жабдықтары мен автоматика құралдарын пайдалану, су көлігін басқару және т.б. білім беру бағдарламалары бойынша білім алуда.
Кездесу барысында екі университеттің өзара ынтымақтастығының маңыздылығы аталып, қос дипломды білім, ғылым, академиялық ұтқырлық бағдарламасы және студенттерді оқыту үшін жаңа перспективалар мәселелері қозғалды.
Загрузка...
