АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ КҮННЕН ЭНЕРГИЯ АЛАТЫН ШАХМАТ ТАҚТАСЫН ЖАСАДЫ

Бесқарағай ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Әділ Ерболов күн батареясы бар шахмат тақтасын жасады. Бұл ойын тақтасы оқушылардың зияткерлік, шығармашылық және техникалық қабілеттердің дамуына ықпал ететін кәдімгі шахматтан айырмашылығы күннен тоқ алуында.

Шахмат ойнаған кезде телефонды немесе кез-келген басқа құрылғыны қуаттауға болады, сондай-ақ қолданылатын сағаттарға да қуат көзі ретінде пайдалануға болады. Бұл шахмат тақтасы сыртқы қуат көздерінен емес, күн панельдерінен зарядталады және оны батареяларда сақтайды.

«Маған идея шахмат турнирінде ойнаған кезде келді. Күн панелі арқылы телефонды қуаттаған өте ыңғайлы. Өйткені турнир уақыты көпке созылады, кейде таңертеңнен кешке дейін болуы мүмкін. Сол кезде ойыншының телефоны сөніп қалса, тақта арқылы телефонды қуаттауға болады»,-дейді Әділ.

Тақта күн көзінде тұрғанда, күн сәулесі панельдерге түседі. Ондағы фотоэлементтер электрон бөледі. Ол сым арқылы батареяға барып жинақталады. Сосын платаға USB арқылы телефонды қосуға болады.

Болашақта оқушы күн панельдері арқылы сағатты да қуаттап, ойынды толық автономды қылуды жоспарлап жүр. Жетекшісі информатика пән мұғалімі Максат Бекеш.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий