КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК АЙМАҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша аймақаралық кәсіби шеберлік конкурсы аяқталды.

Бүгін конкурстың жабылу салтанаты өтті. Конкурста үш құзыреттілік бойынша 5 облыстан келген 15 қатысушы бақ сынады. Абай облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Астана қаласынан «Аспаз ісі», «Мейрамханалық қызмет көрсету», «Наубайшы ісі» құзіреттілігі бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Нәтижесінде аймақаралық шеберлік конкурсының жеңімпаздары анықталды.

«Аспаз ісі» құзіреттілігі бойынша:

І орын – Жанар Компекова (Абай облысы)

2 орын – Куралай Байгуттинова (Қарағанды облысы)

3 орын – Екатерина Иванова (Шығыс Қазақстан облысы)

«Наубайшы ісі»   құзіреттілігі бойынша нәтижелер:

І орын – Гаухар Танирбергенова (Қарағанды облысы)

ІІ орын – Эсмира Гордиенко (Астана облысы)

ІІІ орын – Акбота Терликбаева (Абай облысы)

 «Мейрамханалық қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша нәтижелер:

І орын – Зарина Турлыбекова (Абай облысы)

ІІ орын – Зарина Үрпатшаева (Қарағанды облысы)

ІІІ орын – Альбина Сосфенова (Павлодар облысы)

Үздік атанған екі жеңімпаз өз құзыреттілігі бойынша Республикалық байқауға қатысады. Ақтық кезең әр құзыреттілік бойынша Ақмола облысында биыл қазан айында өтеді.

Айта кетейік, құзыреттілік бойынша жұмыстар 12-15 наурыз күндері аралығында өтті. Шеберлік конкурсқа қатысушылар біліктілігін Шымкент, Талдықорған, Орал қаласынан республикалық Worldskills чемпионатында сарапшылық қызмет атқарған білікті оқытушылар, әлеуметтік серіктестер, облыстағы оқу орындарының жетекші мамандарынан құралған сарапшы топ бағалады.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий