Құрметті әріптестер!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Құрметпен, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма Төрағасы Еламан АЙБУЛЬДИНОВ
Загрузка...