Құрметті әріптестер, «Білімді ел» газетінің оқырмандары!

Жаңа жылымыз, жаңа күніміз, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Аспанымыз ашық, шекарамыз берік, жеріміздің бір сүйемі жылжымай, байлығы халқымыздың мүддесіне жұмсалып, санымыз артып, санамыз еліміздің мұратына қызмет етіп, әлемдегі ең үздік халықтардың қатарынан табылайық.

Сіздерді төл мерекеміз – Ұлыстың ұлы күнімен, жаңа жылымыз, Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Дендеріңіз сау, үй-ішілеріңіз аман-есен болып, еңбекте биік табыстарға жетіп, абыройларыңыз арта берсін. Киелі де құдіретті Наурыз біздің еліміздің қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық, идеологиялық болмысына ірі өзгерістер, тың серпін әкелсін!

Құрметпен, Ғаждембек ТҰРСЫНОВ, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий