Құрметті әріптестер!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, жаңаруды айшықтайтын ұлы мереке. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың теңелетін, ырысы мол Ұлыстың ұлы күні болып табылады. Бұл мейрам – жан дүниемізді шуаққа бөлеп, ой-ниетімізді таза арнаға бұратын, кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі.
Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа береке, бірлік, бақыт пен шаттық тілеймін.
Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!
Нұрболат БИСЕНГАЛИЕВ,
Tamos Space School мектебінің директоры
