Абай облысының «Ro-Alemi» құрама командасы робототехникадан халықаралық чемпионатта Бас жүлдені жеңіп алды

Сингапур елінде өткен «Singapore FIRST Championship 2024» халықаралық жарыста Абай облысының «Ro-Alemi» құрама командасы чемпион болып елімізге оралды.

Мектеп оқушылары, Alikhan Bokeikhan University және IT valley технологиялық кластері мен облыстық инновациялық-әдістемелік орталық өкілдері және ата-аналар жеңімпаз команданы қарсы алды.

Роботтар ойнында жоғары балл шегі 550 болса, «Ro-Alemi» құрама командасы рекордтық көрсеткіш көрсетіп, 540 ұпай жинады. “Robot Design” бағытында чемпион атанып, жалпы 4 бағыт қорытындысы бойынша алты елден топ жарды.

Сондай-ақ “Ro Alemi” командасы инновациялық жобаларын көрсету кезінде шетелдік төрешілерге ұлттық ойындар көрсетті. Атап айтқанда, асық ататын робот дайындап, ұлттық ойынымызды жаңа қырынан ашты. “Қазақ Барысы” және “Жамбы Ату” ойындарының бета нұсқасын көрсетіп, үздік инновациялық жобалар қатарына кірді.

Команда құрамы: “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейі және №22 мектеп-лицейінің оқушылары Арыстан Ибрагим, Жанарыс Ардахов, Дархан Мамадилов, Айдмұхамед Табараков, ⁠Әділжан Қабыкенов, Азат Сапаралы, Жәнібек Абдукәрімов. Жетекшілері: Сакен Асқарбек және Бақытбек Орынбаев. Құрама команда Алихан Бокейхан университеті базасында ашылған робототехника орталығында жаттығады.

Айта кетейік, 14-16 наурыз аралығында өткен халықаралық чемпионатқа Қазақстаннан 3 команда аттанды. Малайзия, Польша, Корея, Индонезия, Қытай, АҚШ елдерінен 20 команда, жалпы 80 команда қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий