Сандықтау ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғады

Кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуын талдау барысында 78 балабақша тәрбиеленушісіне азық-түлік үшін өтемақы төленбеу фактілері анықталды.

Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатындағы азық-түлік шығындары мемлекет есебінен өтеледі.

Азаматтардың бұл санаттарына көп балалы отбасылар, АӘК-ге мұқтаж отбасылар және халықтың осал топтарына жататын басқа да адамдар жатады.

Ал, аудандық білім бөлімі көп балалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларды азық-түлікке өтемақы төлеу тізіміне енгізбеген.

Осылайша, олардың мектепке дейінгі ұйымдардан тегін тамақ алу құқығын бұзған.

Прокурорлық ден қою шаралары балабақшалардағы 78 балаға азық-түлік шығындарын өтелді.

Бұзушылықтар үшін білім бөлімінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақмола облысының прокуратурасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий