АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ ЕДЕН ЖУУҒА АРНАЛҒАН РОБОТ-МАШИНАНЫ ҚҰРАСТЫРҒАН
Елімізде смарт технологияларды енгізу мақсатында инновациялық шешімдерді енгізу қолға алынды. Инфрақұрылымды жақсартудың бастамасы ретінде №7 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Тулепов Абилмансур «Смартфон арқылы басқарылатын еден тазартқыш машина» ойлап тапты. Оның негізгі мақсаты адамдарды жайлы өмірмен қамтамасыз етіп, қоғам өмірінің барлық саласын барынша автоматтандырып, өмір сапасын арттыру. Оқушыларды құрастырушылыққа, және жас техниктерді зерттеушілікпен өнертапқыштыққа баулу.
«Қазіргі таңда электроникамен бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы прогресс едәуір алға жылжып келеді, сол себепті оқушының құрастырыған машинасында Arduino UNO микроконтроллер – аса маңызды бөлшек болып табылады. Осы микросұлбаны қолдану арқылы машинаның негізгі ерекшеліктері қашықтықтан басқару басты мақсатының бірі. Абильмансур машина жұмыс жасауы үшін Arduino Uno – ATmega328 микроконтроллері ыңғайлы орнатып, жұмыс істеу үшін қажет заттың барлығын қамтыған: 14 сандық кіріс/шығыс (оның ішінде 6 PWM шығысы ретінде пайдалануға болады), 6 аналогтық кіріс, 16 МГц кристалды резонатор, bluetooth hc-06 қосқышы, қуат қосқышы, коннектор тізбек ішіндегі бағдарламалау (ICSP) және қалпына келтіру түймесі. Бұл құрылғы заман талбына сай жасалған» – атап өтті информатика пәні мұғалімі Үміт Айтжанова.
Еден жуғыш машинасы тазалау процесін айтарлықтай жеңілдетеді және жоғары сапа мен тиімділікті қамтамасыз етеді.
«Маған робототехника өте ұнайды. Арманым – адамның өмірің жеңілдететін құрылғыларды ойлап табу. Әсіресе, анама көмектескім келеді. Өзімнің болашақ мамандығымды ІТ саласымен байланыстырамын», – деді Әбілмансұр.
Айта кетейік, оқушы жас зерттеушілерге арналған «Зерде» XIX республикалық зерттеу жобаларының «Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы бойынша байқауына қатысып, жүлделі III дәрежелі дипломға ие болды.
Загрузка...

