Алматы қаласы: Наурызбай аудандық білім бөлімі: Қолөнер шеберінің атындағы қара шаңырақ

Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп алғашқы мегаполистің Наурызбай ауданындағы Қали Надыров 111 мекенжайында орналасқан. Бұл мектептің басты міндеті — балаларға жалпы білім беру, сондай-ақ әдістемелік тәрбиелеу жүйесін жетілдіру. Білім шаңырағының тағылымға толы терең та­рихы өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастау алады. Содан бері бұл ағарту орталығы білім беру саласына еңбегі сіңген педагогтар басқарды және білікті мұғалімдер ұстаздық етіп, бірнеше буын білімді шәкірт тәрбиелеп шығарды.

2001 жылы қазіргі екі қабатты оқу ғимараты тұрғындар игілігі үшін пайдалануға беріліп, білім ордасы 1999 жылы ою-өрнектің әр түрін жасаған қолөнер шебері Рахым Сарсенбин атамыздың есімімен аталды. Айта кетейік, 1949 жылы ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі үшін Ленин орденімен, «Еңбектегі жетістігі үшін» медалмен марапатталды, Қазақ ССР Халыққа білім беру ісінің үздігі, халық шебері атанған танымал тұлға Рахым Сарсенбиннің ою-өрнек эскиздері Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік көркем сурет галереясында, республикамыздың құрылыс және мата өндірісінің дизайн өнерінде күні бүгінге дейін қолданып келе жатыр.

Халықтық өнер мен төл мәдениеттің ғасырлардан мыңжылдықтармен сабақтасқан алтын арқауын өмір сүрген заманының ұрпақтарына жеке қолтаңбасы арқылы жаңашылдықтармен жеткізген жайсаң жанның осы мәуелі мекенде туып-өскені және білім шаңырағының қазақ руханиятындағы тұғырлы тұлғаның есімімен аталатыны біз үшін мақтаныш. Алматы қаласының әкімдігінің  (03.07. 2014 ж, №3/535) қаулысымен білім басқармасының  Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп болып өзгертілді.

Жалпылама мектебімізде білім беру бағдарламасы нормаларға сәйкес жүргізіледі. Ал, мектеп директоры Отепбекова Бакытнур Маденовнаның және педагогикалық ұжымның әр мүшесінің өздерінің біліктілігіне, тәжірибесіне, іздену жұмыстарының негізінде қалыптасқан ұстанымдары бар және ол тек оқушыға оң әсерін тигізіп келеді. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектепте 1257 оқушы білім алса, бір жүз жеті мұғалім еліміздің келешегін қалыптастыруда аянбай еңбек етіп жүр. Білім беру екі тілді аралас жүргізіледі.

Биылғы оқу жылында барлығы елу бес сынып жасақталыпты, Жиырма алты орыс сыныбы болса, жиырма тоғыз қазақ сыныбы бар. Және екі мектеп алды даярлық тобы құрылған.  Мұға­лімдерден бөлек, оқушылар өзін-өзі басқаруға бейім­деліп, «Мек­теп президентінің» жұ­мысы жүйелі жолға қойы­лған. Шәкірттер онымен қатар түрлі үйірмелерге қатысуда. «Даналық мектебі» ашылған. «Даналық мектеп»  шеңберіндегі «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебі» жоспарланған жұмыстарын жалғастыруда. Басты мақсаты – озық салт-дәстүрлерді талдап түсіндіру, дәріптеу, отбасы тәрбиесінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

Оқушыларға рухани тәрбие беруде мектеп кітапханасы да көптеген жұмыстарды жүргізуде. Осы орайда кітапханашы Л. Рафхатова «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көптеген шараларды ұтымды ұйымдастырып, оқушылар мен ата-аналарды кітап оқуға баулып отыр­ғанын да айрықша атап айтқанымыз абзал. Мектеп ғимаратыа 2001 жылы күрделі жөндеу­ден жасалған. Қазірде оқушылар толықтай жаңартылған еңселі ғимаратта білім алып жа­тыр. Мектеп кабинеттерінің дені жаңа­дан жабдықталған.

Атап айт­сақ,  химия, физика, биология ка­бинеттері моди­фика­цияланған. Яғ­ни оқушыларға жоға­рыда аталған пәндерді заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар арқылы басқа қыры­нан тануға, тереңірек оқып білуге мүм­кіндік жасалды. Одан бөлек, мектеп асханасы жүйелі жұмыс істейді. Бес жүз алпыс үш бала ыстық тамақпен мемлекет тарапынан тегін қамтылған. Кәсіби білімі бар аспаздар оқушыларға құнары жоғары та­ғам­дар және эко­логиялық таза жергілікті бау-бақша өнім­­дерінен дайындап беруде.

Нұрлан МЕРАЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий