Алматы қаласы: Наурызбай аудандық білім бөлімі – Жаңа спорт алаңы ашылды

 

Наурызбай ауданының №188 мектеп-гимназиясында кеше білім басқармасының ұсынысы бойынша шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тікелей қолдауымен салынған спорт алаңы ашылады. Жергілікті бюджеттен жалпы құны 37 000000 қаражат бөлініп, жалпы көлемі 3200 шаршы метрді құрайтын спорт алаңында шағын футбол, волейбол және баскетбол алаңдарымен бірге түрлі жаттығу құрылғылары орнатылған.

Бір мың алты жүзден аса оқушысы бар білім мекемесінде бұрын соңды спорт алаңы болмаған. Бірақ, бұған қарамастан, жас спортшылар қалалық, республикалық, халықаралық чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл нысан Таусамалы ықшам ауданындағы жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында ашылып, мектеп оқушыларының игілігіне берілді.

Спорт алаңында оқушылардың баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, бесасық, асық ату, жеңіл атлетика және тағы да басқа спорт үйірмелері тегін жұмыс жасайды. Мектеп ұжымы мен ата-аналар және оқушылар өздеріне көптен күткен осындай спорт алаңын соғып берген қала әкімі Ерболат Асқарбекұлы мен қалалық білім басқармасына алғыстарын айтады. Спорт алаңының жалпы көлемі –  400; футбол алаңы-1075; волейбол алаңы – 300; баскетбол алаңы-375 және жүгіру жолы-570.

М.КОКЫМБАЕВА, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий