Алматы қаласы: Наурызбай аудандық білім бөлімі – №15 санаториялық мектеп-интернаттағы көшбасшылық, шығармашылық топ жұмыстары

№15 санаториялық мектеп-интернатта ұстаздар ұйғаруымен көшбасшы мұғалімдер арқылы командалық топтар құру ұсынысы қолға алынды. Ол үшін алдымен ұжым ішіндегі мұғалімдер арасынан жұмыс сапасы жоғары, жетістіктерімен алда жүрген, артынан мұғалімдерді ілестіре алатын көшбасшы мұғалімдер анықталды. Шығармашылық топтың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану.

Тәжірибе өткізу арқылы білім сапасын арттыру. Мұғалімдердің жеке ерекшелігін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шығармашылық топ – бұл мектеп дамуын басым бағыттары бойынша қамтамасыз ететін, мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын іздестіру мақсатында жаңашылдықты анықтауға, құруға, қорытуға және енгізуге негізделген шығармашылық тұрғыда біріккен ерікті кәсіби педагогтардың тобы. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.

Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Сонымен қатар біздің интернатымыз да қалыс қалып қойған жоқ. Себебі, білімалушылар арасында интеллектуалдық сайыс, өнер және спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сайыстардың атауларын айта кетсек: «Білім кілті кітапта» мәнерлеп оқу сайысы, «15 INTERNAT BALA FEST», «Қар ханшайымы» атты сайыстарға белсене қатысты. Білім алушылар өздерінің өнерлерін көрсетіп, марапатталып отырды.

Әр бала өзінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап аудандық, қалалық конкурстарға қатысып жүлделі орындар алды. Жұмысымыздың нәтижесі осы балаларымыздың арқасында көрсетілді. Барлық мектептерде осындай іс-шаралар көптеп өткізіліп отырса, жеке тұлғаның жан-жақты дамыған білімді жасұрпақтарды тәрбиелейтін боламыз. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Заман талабына сай мұғалімді қалыптастыру мақсатында «Жас маман – 2023», «Жұлдызды дода», «Маска шоу» атты сайыстар ұйымдастырылды. Мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Себебі, жас мамандар өздерін таныстыру кезеңінде, өз өнері кезеңдерінде өздерінің нағыз заман талабына сай ұстаз ретінде қалыптастырғандарын көрсетті. Ұлттық құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, еркіндікке, адамгершілікке, отбасы, қарым-қатынас, белсенділікке бағытталған. Интернатта ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында әр дүйсенбі күні ұлттық нақыштағы киімдерді киіп, ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

Үзіліс кездерінде асханаға көтеріңкі көңіл-күймен «қара жорға» биімен билеп бару үрдіске айналған. Дүйсенбі күні таңғы лездеме жүргізіледі. Әр аптаны ұлттық құндылыққа сәйкестендіріп тақырыптар беріліп, тақырыптар бойынша іс-шаралар өткізіліп жатыр. Шығармашылық тобы өз жұмыстарының нәтижесін көріп, шабыттанып әрі қарай жұмыстарын атқаруда.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий