Жаңа рекорд! Iqanat Олимпидасының ІІ кезеңі барысында 10 мың ауыл баласы қамтылды

IQanat қоры жаңа рекорд орнатты! 10 мыңға жуық ауыл оқушысы IQanat олимпиадасының II кезеңіне қатысып, оның барысында өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, Қордың нағыз 2-4 күндік зияткерлік щыңдауынан өтті. Бұл ауыл балаларына жасалған бірегей мүмкіндік болып отыр.

Ауыл тұрғындарының қалалықтарға қарағанда мүмкіндіктері әлдеқайда аз екені аян. Әсіресе, олқылық балалардың білімі тұрғысынан байқалады. Қазақстандағы ауыл балалары қалалардан қатарластарынан 1,5 жылға артта қалуда.  Сондықтан елімізде IQanat әлеуметтік-білім беру жобасы пайда болып, оны осы мәселеге алаңдаулы 150-ден астам қазақстандық кәсіпкер қолдады.

Дәл осы кәсіп иелерінің қосқан үлесі мен күш-жігерінің арқасында бүкіл ел бойынша 60 мың баланы қамтитын ауқымды Олимпиада өткізіліп, олардың әрқайсысы IQanat-тан үлкен өмірге жолдама, яғни түрлі білім беру тетігін иемденді.

Қазіргі сәтте олимпиаданың II кезеңі аяқталып, оған рекордтық деңгейдегі 10 мың бала қатысты. Бұрын Қор тиісті кезеңде тек 6-7 мың баланы қамтығанын атап өткен жөн.  

II тур Қазақстанның барлық 17 облыс орталығында өтті. Өрендердің көбісі өмірінде алғаш рет ірі қалаларға қадам басса, ал кейбіреулері тіпті алғаш рет өз ауылдарынан тыс жерлерге шыққаны мәлім болуда. Қатысушылардың шамамен 70%-ы – көпбалалы және толық емес отбасылардан.

Олимпиада әр аймақта балалар слеті немесе фестиваль түрінде өтті. Балалар үшін мақсат қою, қаржылық және медиа-сауаттылық бойынша жігерлендіруші дәрістер, сондай-ақ эстафеталар, үстел ойындары бойынша сайыстар, квиздар, викториналар, дискотекалар өткізілді. Сондай-ақ, күніне бес рет тамақтану және жүріп-тұру жағы қарастырылды.

Бірнеше күн ішінде мектеп оқушыларының еңселері көтеріліп, ой-санасы биіктеді. Бұл өз кезегінде ауылдың күйбең тіршілігінен серпіліп, асқаралы асуларға ұмтылуға жол ашады. Олимпиаданың өзі математикалық сауаттылық, логикалық және сыни ойлау, ағылшын тілі, сондай-ақ таңдау пәні бойынша міндетті тапсырмаларды қамтыды.  

Айта кету керек, жыл сайын мемлекеттік тілде тест тапсыруды таңдаған оқушылар саны артып келеді. 2024 жылы мұндай ұл-қыздар саны – 90%. Гендерлік тұрғыда қыз балалардың жоғары қызығушылығы байқалады (64%).   

Ақтық сынға өткеннен кейін, оқушылар, IQanat-тан Олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін сүйемелдеуге түседі. Ең жоғары көрсеткіштері бар үздіктер Бурабайдағы мектеп-пансионатқа тегін оқуға қабылданады. Айта кетейік, IQanat бағдарламаларымен қамтылған балалардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсіп келеді. Қазір жоба түлектері әлемнің 15 елінде оқиды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий