АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ӘЛЕМНІҢ БЕДЕЛДІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Атыраудағы NIS мектебінің оқушысы Искандер Искалиев Канаданың Калгари Университетіне шақырту алды. Айта кету керек, Канада білім беру жүйесі бойынша әлемде бірінші орында. Дүниежүзілік университеттер рейтингі орталығы құрастыратын әлемдік университеттердің академиялық рейтингінде Калгари Канадада сегізінші, әлем бойынша 190-орында. Рейтинг дүние жүзіндегі 20 мыңға жуық оқу орындарының арасынан ең үздік 2000 университетті көрсетеді.
Сондай-ақ аталған мектептің оқушылары Ақжүніс Атабай мен Айнұр Екпін Катардағы Northwestern Universitу-ге грантқа түсіп, ата-аналары мен ұстаздарын қуанышқа бөледі. Күні бүгін білім беру ұйымының 12 оқушысы әлемнің беделді Италия, Германия, Ұлыбритания, Канада, Катар, Гонконг университеттерінің медиа және технологиялар, менеджмент, химиялық инженерия сияқты мамандықтарының студенттері атанды.
Загрузка...
