Әлеуметтік жоба: Алматы мектептері

208 мектеп-гимназияның Робототехника үйірмесінің жұмысымен таныстым.
Робототехника үйірмесі мектеп-гимназия ашылған сәттен бастап Алматы қаласы әкімінің кубогы, республикалық, халықаралық дәрежедегі түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрген команда екеніне балалардың қуанышпен айтқан естеліктері арқылы куә болдым.
мектеп мақтаныштары “Point” командасының аз ғана уақытта жеткен жетістіктеріне тоқтала кетсек:
2022 жылы республикалық чемпионаттан басталып,жүлделі орынға ие болған.


1.«ALMATY TECH CUP-2022» VII ашық чемпионатында Алматы қаласы әкімінің кубогына робототехника және инновациялық технологиялар бойынша 9-сынып білім алушылары сызық бойымен жүру бағыты және сумо ойыны бойынша Республикадан жиналған 136 команданың ішінен
ІІІ дәрежелі диплом.
2. Астана қаласында өткен Республикалық Web-Хакатон олимпиадасынан 9-сынып білім алушысы: Сәбит Бақдәулет ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, Астана қаласында өтетін «Game Day» компьтерлік ойындар жасау, орындар мен кейіпкерлерді модельдеу бойынша Республикалық турнирына шақырту алды.
3. Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен “WorldSkills Kazakhstan” стандарттары бойынша “JasSkillsAlmaty” қалалық кәсіби шеберлік чемпионатында Абдугаппаров Нурамир «WEB ТЕХНОЛОГИЯ» құзіреттілігі бойынша ҮЗДІК МАМАН номинациясын иеленсе, “ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙН” құзыреттілігі бойынша ҮЗДІК МАМАН номинациясы Сыздыков Салих Азаматұлына берілді.
4. «STUDENT ROBOTICS CHALLENGE- 2023 KBTU» атты Республикалық зияткерлік командалық байқауынан 9- сынып білім алушылары Хамидильда Нұрасыл мен Әбдіманап Құрмет І дәрежелі диплом. Абдугаппаров Нурамир мен Сыздыков Салих ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
5. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және “USTEM Robotics”қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қаскелең қаласындағы SDU базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған РОБОТТАР фестивалінде робототехникадан “POINT” командасы жүлделі 2-орынға ие болып, ақпан айының соңында Астана қаласында өткен «FIRST Robotics» Орталық Азия чемпионатына жолдама алды.
6. Республикалық Физика-Математикалық Мектебінің ұйымдастыруымен “Bolt.m3” және “Zhamakaev145” робототехника командалары өткізген Scrimmage бірлескен іс-шарада ІІІ орынды иеленді.
7. Астана қаласында өткен “Central Asia Championship” жарысында барлық категория бойынша Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Біріккен Араб Әмірлігі елдерінен жалпы саны 120 команда қатысты. “First Tech Challenge” категориясы бойынша 55 команда қатысқан бұл жарыста “Point” командасы 6-орынға жайғасып, үздік ондыққа кірді.
8. 19 Наурыз 2024 жылы Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында өткен “Ustem” қорының ұйымдастыруымен “Bilimkana First Championship” халықаралық робототехника сайысында “Design Award” номинациясы бойынша “Point” командасы 1 орынмен марапатталған екен.

Ляззат Туркестанова

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий