Конференция 2023: қалай болды?
2023 жылы 9-11 сәуір аралығында Балқаш қаласында «Орта білім беру сапасы: өлшеу, талдау, басқару» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға ғылыми қоғамдастықтың 180 өкілі, орта білім беру практиктері және Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының, сондай-ақ Ұлытау облысының Ұлытау ауданы мемлекеттік мектептерінің ұжымдары қатысты. Қатысушылар пленарлық отырысқа қатысқан құрметті қонақтарды, панельдік пікірталас модераторларын, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан, сондай-ақ Ресей мен Канададан келген орта білім беру саласының әдіскерлері мен мамандарын жылы лебізбен қарсы алды.
Конференция қорытындысы бойынша 84 мақаладан тұратын ғылыми еңбектер жинағы басылып шығып, облыс мектептерінің басшылығына, облыстық басқармалар мен білім басқармаларының басшылығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім министрлігіне ұсыныстары бар қабылданған резолюция жіберілді.
Қатысушылар арасында 50-ден астам Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданы орта және қосымша білім беру мекемелерінің өкілдері болды. Конференцияға Балқаш қаласынан 20-дан астам орта және қосымша білім беру мекемелерінің мұғалімдері қатысты.
Конференцияның отырыстары, баяндамалары мен талқылаулары Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайы мен А.Ермеков атындағы мектеп-лицейде өтті.
Конференцияның шетелдік және басқа қаладан келген қатысушыларына танымдық экскурсия мен Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық топтары атынан концерт ұйымдастырылды.
Конференцияға қатысушылар 11 сәуірде екінші пленарлық отырыс барысында қорытынды резолюция қабылдады.
Қатысушыларға «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қоры атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар, сондай-ақ, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы атынан да Алғыс хаттар табыс етілді.
Инстаграм uef.kz: https://www.instagram.com/uef.kz/?igsh=a20wMWN6bnA4dDA4
Инстаграм ustaz.ulytau: https://www.instagram.com/ustaz.ulytau/?igsh=dmRzNmN3ajF2bjc1
Загрузка...