АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ БІРІНДЕ ШАҒЫН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Красный Яр ауылының Көпсалалы инновациялық колледж базасында «Team-Agro» ЖШС-мен бірлесіп элеваторлық жабдықтарды әзірлеу, дайындау және құрастыру бойынша бірлескен кәсіпорын ашылды.
Іс-шараға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, «Team-Agro» ЖШС серіктесі- Беларусь Республикасынан келген «Полымя» ЖШС директоры Вячеслав Стацурин, Красный Яр ауылдық округінің әкімдігінің өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, педагогтар, колледж студенттері қатысты.
Талшықты-оптикалық лазерлік металл кесетін станокта жұмыс істеу үшін студенттер үш өлшемді кеңістік саласында бөлшектерді әзірлеуді, сондай-ақ металды кесуді, өңдеуден кейін бөлшектерді түсіруді, режимдерді анықтауды және бөлшектерді жасауға арналған бағдарламаларды жазуды орындайды.
«Осы кәсіпорынмен ынтымақтастық өндірістік оқыту шеберлеріне элеватор, астық кептіру және өзге де жабдықтарды өндіру жағдайында жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Студенттерді слесарь-жөндеуші, электр газбен дәнекерлеуші сияқты біліктілік бойынша даярлау кезінде колледждің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен қатар, «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша студенттерді Компас-3D, Auto-CAD, Autodesk Inventor, SolidWorks бағдарламаларында бағдарламалауға үйретеді»,- деді колледж басшысы Сайран Сейтқалиева.
Загрузка...




