«СҰҢҚАР» САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ СУ БАСҚАН АУЫЛДАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Ағымдағы жылдың 15-23 сәуір аралығында балалар мен жасөспірімдер «Болашақ сарайы»-ның жанындағы «Сұңқар» сауықтыру кешенінің базасында су тасқынынан зардап шеккен Есіл ауданының ауылдарынан 5-11 сынып оқушыларының 18-і үшін сауықтыру ауысымы ұйымдастырылды.

 

«Балалар үшін 5 рет тамақтану ұйымдастырылды, робототехника, мобилография, жаратылыстану ғылымдары, арт-терапия бойынша сабақтар өткізіледі. Балалар таза ауада серуендейді. Оқушыларға арналған оқыту онлайн форматта өтуде», – деді білім басқармасының бас маманы Айгүл Магавина.

Сондай-ақ, балаларға арналған іс-шаралар бағдарламасында Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театры мен планетарийге бару, Көкшетау қаласы мен Зеренді ауылындағы мұражайлар мен балалар шығармашылығы орталығына экскурсиялар көзделген.

Оқушылардың ұмытылмас бос уақытын ұйымдастыру үшін балалар мен жасөспірімдер сарайының қызметкерлері спорт, көктемгі бояулар, таңғажайып табиғат әлемі күндерін, кино кешін ұйымдастырады. Ал өнер әлемінде балалар вокал, хореография, сурет сабақтары, сондай-ақ ежелгі қазақ аспаптары қобыз және жетігенде ойнауда өз қабілеттерін тексере алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий