АБАЙ ОБЛЫСЫ БЕСҚАРАҒАЙ КОЛЛЕДЖІНДЕ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ЗЕРТХАНА МЕН ЖЫЛЫЖАЙ АШЫЛДЫ

Бесқарағай колледжінде «Ландшафтық дизайн» оқу-өндірістік зертханасы мен жылыжайдың ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым директорлары және әлеуметтік серіктестер қатысты.

Жиын колледждегі «Мейрамхана қызметі», «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша лабораториялық зертханаларға экскурсиядан басталды. Екі құзыреттілік кабинеті теориялық, зертханалық барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оқу-өндірістік зертханада студентер 5 модуль бойынша білімдерін жетілдіреді. Атап айтсақ, «мейрамхана қызметі», «ветеринария», «кірпіш қалау», «кіші архитектуралық пішін» және т.б.

Сондай-ақ «Жылыжай кешені» оқу-өндірістік лабораториясының таныстырылымы болды. Онда студенттер «орман шаруашылығы» және «жеміс өсіруші» мамандықтары бойынша теориялық, практикалық оқудан өтеді.

Іс-шарада ауылшаруашылық бағытындағы колледждер жұмысының тиімділігін арттыру, облыс командаларының құзыреттілік орталықтарында Worldskills Abai чемпионатына дайындығы туралы айтылды.

Бесқарағай колледжінде 7 мамандық бойынша 10 біліктілік оқытылады. Жалпы 180 студент оқиды.

Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша колледждерде ашылған 7 құзыреттілік орталығы бар.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий