ШҚУ: Испания университеттерімен ынтымақтастықты кеңейтуде

Халықаралық семинар аясында ШҚУ өкілдері Испания университеттерімен өзара тиімді келісімдерге қол жеткізді. Мәселен сондай оқу орындары қатарында Саламанка университеті (Саламанка қ., Испания) бар. Ол С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің маңызды серіктестерінің бірі, – деп хабарлайды еліміздегі танымал әрі беделді отандық жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Астанадағы білім беру саласындағы форумда екі университет арасында испан тілін дамыту, халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланыстарды кеңейту және нығайту саласындағы серіктестік туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, аталған шарада Аликанте университеті, Альмерия университеті және Вальядолид университеті сияқты беделді жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Бұл әлеуетті серіктестіктер білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық бағдарламаларды жүзеге асыруда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Форумға Испанияның Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиола мен Испанияның Бас консулы Анхель Карраско қатысты. Елшілік өкілдері испан университеттерінің өкілдерімен бірге қазақстандық білім беру мекемелерімен әріптестік қатынастарды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

– Бұл семинар біздің Қазақстанмен білім беру қарым-қатынасымызды дамытудағы маңызды қадам болды. Біз одан әрі ынтымақтастыққа және білім мен тәжірибе алмасуға дайынбыз, – деді Испанияның Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиола.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий