ШҚУ студенттері Шымкентте өткен пәндік олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде биология мұғалімдерін дайындау БББ бойынша XVI Республикалық студенттік пән олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға еліміздегі 20 жоғарғы оқу орындарынан 50 студенттер қатысып, 2 кезең бойынша: бірі теориялық, ал екіншісі практикалық тапсырмаларды орындау бойынша білім сынады, – деп хабарлайды Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің баспасөз қызметі.

Олимпиада аясында Түркістан қаласына саяхат ұйымдастырылды. Салтанатты марапаттау кеші концерттік бағдарламамен ашылды. Көрермендер назарына студенттердің орындауында әсем ән мен тәтті күйлер шырқалды. Екі күндік сайысқа әділ қазылық еткен кафедра оқытушыларының шешімі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. 2 орын: Е. А. Букетов атындағы Қарағанды университеті. 3 орын: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті. Жеңімпаздарды университет Басқарма төрағасы ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөзбен қорытындылап арнайы алғыс хат пен сертификаттармен марапаттады.

 – Осындай іс шараға қолдау көрсетіп, материалдық көмек көрсеткені үшін университетіміздің ректоры Мұхтар Әділбекұлына алғысымыз шексіз, – деді жетекші Багдат Карменова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий