АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫ АМЕРИКАНЫҢ 6 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Атыраудағы NIS мектебінің 12 сынып оқушысы Амина Курбанова Американың 6 түрлі жоғары оқу орындарынан музыкалық индустрия бағытында білім алуға шақырту алды.

Аминаның әдемі вокалдық қабілетіне Американың Berklee College of Music, Drexel University, University of the Pacifi, Appalachian State University, Loyola University New Orleans, University of Hartford сияқты іргелі оқу орындары қызығушылық танытқан.

– Бастапқыда хорда ән айтып, кейін жеке сабақтарға да жазылдым. Содан бері вокал менің өмірімнің ажырамас бөлігі іспеттес. Ал, мамандық таңдар сәтте мен ұзақ ойландым, көп ізденістен кейін мен «музыка индустриясы(бизнес және менеджмент)» бакалавр бағдарламасын таптым. Кейін бұл өте жақсы таңдау екенін түсіндім, өйткені бағдарлама менің сүйікті музыкам мен академиялық білімімді (қаржы, бизнес және т.б.) біріктіруге мүкіндік береді, – дейді Амина.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий