Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Түркістан облысы білім басқармасының “Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі” МКҚК директоры Б.Т.Шығанов пен “SUNKAR EAVISION INTERNATIONAL LLP” ЖШС-нің вице-президенті Zhai hui (Еavision (Suzhou) Robotic Techologies Co, Ltd) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Екі тарапта экономикалық, білім беру және ауыл шаруашылығы байланыстарын назарға ала отырып, білім және ғылым саласындағы қатынастарды қолдауға және дамытуға келісім жасады. Мақсат – тікелей және қашықтан оқыту арқылы жетекші оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасу, оқу-әдістемелік материалдарды сатып алуға және алмасуға, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, монографиялар мен оқулықтарды дайындауға және басып шығаруға жәрдемдесу, оқу зертханаларын құруда тәжірибе алмасу. Және де халықаралық ғылыми семинар, симпозиум, студенттік конференциялар мен көрмелерге бірлесіп қатысу және өткізу сондай-ақ, ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий