АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «WORLDSKILLS ABAI – 2024» ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

22 сәуірде басталған өңірлік чемпионатта 57 құзыреттілік бойынша 217 студент бақ сынасты. Олардың жұмысын 209 сарапшы бағалады. Облыстың 29 колледжінен қатысқан командалар арасынан көшбасшылар анықталды.

Чемпионат қорытындысы бойынша үш үздік колледж анықталды:

1 командалық орын: Радиотехника және байланыс колледжі (10 алтын, 11 күміс, 6 қола)

2 командалық орын: Бизнес және сервис колледжі (9 алтын, 4 күміс, 2 қола)

3 командалық орын: Геодезия, картография және құрылыс Жоғары колледжі (7 алтын, 5 күміс, 7 қола)

Құзыреттер бойынша конкурстық алаңдар 23-25 сәуір аралығында Бизнес және сервис, Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі, Электротехникалық колледж, Көлік колледжі, Радиотехника және байланыс колледжі, Геологиялық барлау колледжі, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Шәкәрім колледжі және Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледждерінде өтті.

Күзде болатын республикалық кезеңге 30 құзыреттілік бойынша аттанатын 34 жеңімпаз студент анықталды. Сондай-ақ ақтық кезеңге 30 сарапшы қатысады.

WorldSkills Abai өңірлік чемпионаты – WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына іріктеу кезең. Чемпионат мақсаты – жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және кәсіптік білім беруді дамыту.

Айта кетейік, 2022 жылы облыс командасы республикалық кезеңде 3-орын алса, былтыр еліміз бойынша үздік атанып, жүлделі І орын иеленді.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий