«JASSKILLS AQMOLA 2024» ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Өткен демалыс күндері Көкшетауда 3 рет өткен JasSkills Aqmola 2024 өңірлік чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Іс-шара Ақмола облысының білім баскармасының қолдауымен өткізілді. Чемпионатты дайындау және өткізу үйлестірушісі өңірлік білім басқармасының жанындағы «BOLASHAQ SARAIY» болып табылады.

Чемпионаты өткізудің мақсаты – білім алушыларды кәсіптік даярлаудың ерте моделін және негіздерін құру, білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында сараптамалық қоғамдастық пен кәсіптік шеберлік негіздері бойынша жарыстар жүйесін қалыптастыру.

Байқау ІТ бағыттағы, ағаштан көркем ою, зертханалық-химиялық талдау, өсімдік биотехнологиясы және қоршаған ортаны қорғау, барлығы 9 құзыреттілік бойынша 88 оқушы мен 58 сарапшы қатысты.

Нақтыласақ, Ерейментау, Бурабай, Целиноград, Сандықтау, Біржан сал, Аршалы, Ақкөл аудандарының, Степногорск, Қосшы, Көкшетау, «Білім инновация» лицейі, Абай атындағы №3 мектеп интернаты, Жоғары техникалық колледж, Bolashaq saraiy командалары келген.
Жарысқа 12-16 жас білім алушылары қатыса алды.

Чемпионаттың барлық жүлдегерлеріне «BOLASHAQ SARAIY» атынан 50000, 25000 және 10000 теңге сомасына 1,2 және 3 орынға ақшалай сертификаттар берілді. Сонымен қатар, демеушілерден де сыйлықтар табысталды. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне түсуге 1 орынға 50000 тг, 2-орын 25000 тг, 3-орын 10000 сертификаттар беріліп, 4 орынға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің сыйлық жинағы табысталды.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына Көкшетау қаласы жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі, «1с Қазақстан» демеушілерінен сыйлық жиынтықтары (рюкзактар, сымсыз компьютерлік тышқандар, кәдесый өнімдері) сыйға тартылды.

Бес ІТ құзыреттілігінің жеңімпаздарына Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің бас демеушісінен 100000 теңге сомасына ақшалай сертификаттар табысталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий