Елордалық лицейде шахмат сыныбы ашылды

2024 жылдың 29 сәуірінде KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы Freedom Brokerжәне КҚ «Freedom Шапағат» қолдауыменАстана қаласындағы №8 мектеп-лицейінде шахмат сыныбын ашты. Елордалық лицейлердің бірінде шахматсыныбының ашылуы – KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының Оқу-ағарту министрлігімен, Ғылым және жоғары білім министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Білім берудегі шахмат» жобасын ілгерілетудегі тағы бір қадам.
Пилоттық жобаның негізгі мақсаттарының бірі – Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес «Бастауыш сыныптағы балаларды шахмат үйретумен 20 % үлеспен қамту». Шахмат сыныбының салтанатты ашылуына KazChess Бірінші Вице-президенті Сәдуақасов Дәрмен, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан және Астана қаласы №8 мектеп-лицейінің директоры Айтимова Гүлнұр қатысты.
– Мемлекет алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы интеллектуалды ұлтты қалыптастыруға белсенді атсалысуда. Шахмат ойнау табандылықты, стратегиялық ойлауды, төзімділікті дамытып, оқушының нәтижелі болуына ықпал ететіні белгілі. Жоба аясында бұдан да көп оқу орындарын қамтуды жоспарлап отырмыз. Пилоттық жоба мектептер үшін стандарт болуы керек, – деді құттықтау сөзінде KazChess Бірінші Вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов.
Қазіргі уақытта жоба аясында барлық деңгейде екі білім беру бағдарламасы әзірленіп, келісілді: бірі 1–4 сынып оқушылары үшін, екіншісі шахмат мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған. Сонымен қатар Қазақстанның кейбір жоғары оқу орындарында шахматтан қосымша білім беру бағдарламасы енгізілуде. Қазіргі таңда мұғалімдерге арналған оқулықтан, жұмыс дәптерлерінен және оқулықтан тұратын оқу-әдістемелік кешені бекітіліп жатыр.
Сонымен қатар, мұғалімдерге топтық сабақтарды тиімді өткізуге көмектесу үшін «Chess class» атты онлайн платформасы әзірленді. Бүгінгі таңда KazChess Freedom Broker және КҚ «Freedom Шапағат» қолдауымен еліміздің 7 аймағындағы 7 базалық мектепке шахматты сапалы оқытуға арналған толық жиынтықты (жиһаз, техникалық құрал-жабдықтар, шахмат жабдықтары) қамтамасыз етті.
Шахмат пәнін бүгінде еліміздің жеті облысындағы 42 мектепте бастауыш сынып мұғалімдері оқытады, оқуға мыңнан астам бірінші сынып оқушылары қамтылған. 2024-25 жаңа оқу жылында жобадағы мектептердің саның 350-ге дейін қамту жоспарлануда. KazChess шахмат ойыны арқылы жас қазақстандықтардың ақылды, білімді және тәрбиелі болуына үлес қосуын жалғастырады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий