Тәжірибе алаңы

Негізгі мектепте оқушыларының қызығушылығын ояту қаншама жылдар бойы педагогикадағы ең көп сұранысқа ие мәселелердің бірі.Жеткіншек ұрпаққа білім берудегі оқытушылардың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оқушының өмірге деген көзқарасын дамыта отырып, жан-жақты болуын қадағалау керек. Оқушы белсенді іс-әрекет негізінде білім алатыны және  айналасындағы достарымен жарыса отырып оқуы тиімді екендігі мәлім. Сонымен қатар оқушылардың белсенді түрде қызығушылығын арттыруда жаратылыстану пәндерінде жүргізілетін практикалық, зертханалық және сарамандық жұмыстардың маңызы зор. Практикалық жұмыстың табысты болуы мұғалімнің оқыту – білім беру шеберлігіне, мұғалімнің қаншалықты жауапкершілікті сезінетіндігіне, қаншалықты өз мамандығына ықыласты екендігіне байланысты. Жаратылыстану ғылымы – қоршаған ортаның жаратылысын зерттейтін күрделі ғылым салаларының тоғысқан ортасы.Ол – көз көріп, құлақ естімеген табиғаттың таңғажайып кеңістігін тану жолында қазіргі адам баласы жеткен ұлан –ғайыр ғылым жетістіктерінің жиынтығы.

Осыған дәлел ретінде  Алматы қаласы ,Түрксіб ауданындағы № 59 мектеп-гимназия мұғалімдері Ғылыми-жаратылыстану кафедрасының «Жаратылыстану –сыры ғылымда» атты  онкүндігі аясында өткзілген  «Тәжірибе алаңы» атты танымдық- практикалық жұмыстарын айтуға болады.

Биология пән мұғалімдері: Ибраимова Б.Т. Кемелхан Ғ.Ж жетекшілігімен 8 «б» сынып оқушыларының «Лимонад жасау жолдары», физика пәні мұғалімдері: Таирова Х.Ш, Хасен З жетекшілігімен 8 «г», 8 «а» сынып оқушыларының «Торичели тәжірибесі», «Жарық сәулесінің шағылу заңы», «Масса центрі, иіндіктің тепе-теңдік шарты» , сол сияқты география пән мұғалімдері: Болшекбаева К.Ж, Арзикулова Г.А. 8 «г» сынып оқушыларының «Заттық моделдеу» тақырыбына оқушылардың өз қолымен жасаған тәжірибелері сәтті  және қызықты өтті. Химия пәні мұғалімдері:Байтанова М.Н, Перманова К.Е, Әлімжан Д.М мен Қазақ Қыздар Ұлттық педагогикалық университетінің 1- курс практикант-студенттері және мектеп оқушылары біріге отырып, «Алтын жаңбыр», «Жанартаудың атқылауы» атты тәжірибелер көрсетті.Апталық аясында өткізілген «Тәжірибе алаңы»  танымдық-практикалық жұмыстар жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.

 

 

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы
№59мектеп-гимназиясының
биология пәні мұғалімі: Орайханова А.Т.
география пәні мұғалімі: Болшекбаева К.Ж.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий