Атыраулық Арсен Кимнің қазақ тіліне деген құрметі ерекше. Жасөспірім облыс орталығындағы А.С. Пушкин атындағы орта мектептің 7-ші қазақ сыныбында оқиды. Пәндік олимпиадалар мен спорттық жарыстар жүлдегері
Қазақ тілін жетік меңгерген кәріс баласы ұстаздарын түрлі жетістіктерімен қуантып келеді. Арсен Ким жуырда өткен қалалық олимпиадада математика пәнінен 1-ші орынды иеленіп, мектебінің мәртебесін көтерген. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлайтын бала қазақ тілін әлемдегі ең әдемі тіл – деп есептейді. Және жанына жақын тілде білім алып жатқанын мақтан тұтады.
Арсен Ким қазақтың ұлттық ойыны асық атудан алдына жан салмайды. Биыл ол асық атудан өткен қалалық турнирден 1 орынды иеленіп, облыстық турнирде жүлделі 4- ші орынды алған. Гандбол, баскетбол үйірмелеріне де қатысады.
Загрузка...
