“ТӘРБИЕДЕГІ ТӘЖІРИБЕ: ӘДІСТЕМЕЛІК НАВИГАТОР, ЗАМАНУИ ТРЕНДТЕР”

Атырауда осындай атаумен колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен кураторларына арналған облыстық семинар өтті.

Тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен кураторлардың жұмыстарын дамыту, позитивті имиджін нығайту, озық іс-тәжірибесін насихаттау және жаңа тұрпатты маман дайындаудағы куратор мәртебесін көтеру мақсатындағы семинарды Атырау облысы Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Семинар барысында «Білім саласындағы жемқорлықты болдырмау – басты міндетіміз», “Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша студенттік парламент жұмысы”, “Подкаст-тәрбие құралы ретінде “, «Ата−анамен жұмыстағы жаңашылдық – Z ұрпағын тәрбиелеудегі жаңа трендтер» тақырыптары талқыланып, спикерлер іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий