Атыраулық оқушы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде қоғамдық -гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша “ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ – 2024” атағын жеңіп алды

Облыс орталығындағы №26 С.Датов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Мөлдір Мұса биыл алғаш рет өткізілген ауыл мектептерінің оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың облыстық деңгейінен 1-орын алып, Қостанай қаласында өткен республикалық бәсекеден қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2-орын иеленді.

Айта кету керек, 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша атыраулық дарынды оқушылар 8 алтын, 9 күміс, 19 қола барлығы – 36 медаль иеленді.

Нәтижесінде, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Атырау облысы “ Үздік олимпиадалық команда – 2024” атағымен 2-орынды жеңіп алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий