АҚМОЛАЛЫҚ АУЫЛДЫҚ МЕКТЕБІНДЕ 10 ЖЫЛДАН АСТАМ МЕКТЕП ТЕЛЕСТУДИЯСЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Қазіргі әлемде әртүрлі ақпаратпен жұмыс істеу оқушының мектепте оқу кезінде негізгі әмбебап дағдылардың бірі болып табылады. Дәл осы дағды журналистиканың қыр-сырын меңгеруде ойдағыдай қалыптасады.
Бүгінгі таңда мұғалімнің бірінші кезектегі міндеті – балаларға жаңа кемелдіктерді іздеуге көмектесу, олардың өздері болып жатқан оқиғалар туралы айтып, өздерінің әлеуметтік ортасы туралы айта алатындай етіп бағыттау.
«2011 жылы біздің мектепте «Kazgorodok TV» мектеп телестудиясы ашылды. Мектеп өмірі үшін бұл мұғалімдер мен оқушылардың онсыз да қарқынды өмірін одан да жарқын және қызықты еткен жеке оқиға болды» – деп мектеп директоры Алма Болатқызы Бекенова әңгімесін бастады. Мектеп телестудиясын құру мектеп ортасында өзінің шығармашылығымен танымал идеясын Алма Болатқызы ұсынған еді.
Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылының мектеп телестудиясының жетекшісі- педагог Дәулетбаев Қанат Болатұлы.
Жобаның мақсаты – мектеп жаңалықтарын, бейнефильмдерді, әлеуметтік роликтерді жасау және тарату арқылы шығармашылық, жан-жақты білімді, әлеуметтік позитивті тұлғаның қасиеттерін дамыту болды.
Мектеп телестудиясының ерекшелігі оның практикалық бағыты болып табылады, өйткені сюжетті құрастыру және түсірілім нәтижесінде мектептің тележаңалықтары құрылады, олар You Tube, Facebook арнасындағы ресми мектеп парақшасында таратылады.
«Мектеп телестудиясының жұмысы көшбасшылық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Біздің мектепті көшбасшылар мектебі деп атайтыны бекер емес. Мұның жарқын мысалы – мектептің сәтті түлектеріне арналған мектеп мұражайының экспозициясы. Түлек Асқар Забикулиннің өмірі мен ерлігі өскелең ұрпақ үшін лайықты үлгі болды» – дейді Алма Бекенова.
«Біз өз жұмысымызда алдымен телевизиялық журналистиканың теориялық негіздеріне жүгінеміз, телевизияның бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі рөлі мен ерекшеліктерін сипаттаймыз. Біз телестудияны құру кезеңдерін зерттедік, оның құрылымын қарастырдық. Журналистік қызметтің негіздерін зерттегеннен кейін біз екі телевизиялық жанрдан бастауды жөн көрдік: репортаж және сұхбат» – деп түсіндірді Қанат Даулетбаев.
Мектеп телестудиясының алғашқы тілшілері Ибрагим Мұстанов және Али Аюбаев болды. 2013 жылы олар «Тележурналистика» номинациясы бойынша Көкшетау қаласында өткен IV облыстық Дельфий ойындарының жеңімпаздары атанды (1 орын).
Оларды осы қызметте 2015 жылы Көкшетау қаласында өткен «Тележурналистика» номинациясында (1 орын)VI облыстық Дельфий ойындарының жеңімпаздары Айбат Төлеухан мен Наргиз Серғазина ауыстырды. Сол жылы олар Астана қаласында өткен XII Республикалық Дельфий ойындарында 3 орын алды.
Бұл жас журналистердің соңғы жеңістері емес. Біржан сал ауданы ауылдық мектебінің оқушыларының есімдері теледидар мен киноға байланысты түрлі байқауларда да аталды. Бұл Кенжегүл Дүкен, Жанель Қожахметова, Ернар Зейнолла, Ирина Бергер және Данияр Оразалин.
Бұл жоба білім алушыларға ересек тұрғындарымен, құрдастарымен де, іскерлік, мәдени бөлігінің өкілдерімен де қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында сұранысқа ие іскерлік қарым-қатынастың қажетті тәжірибесіне айналады, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруға және өздеріне қызықты мамандықты сынап көруге мүмкіндік береді.
«Біздің мектептің қоғамдық өмірі белсенді. Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі, Көкшетау қ. көркемсурет мектебі мен Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжімен ынтымақтастық осының дәлелі болып табылады. Мектеп телестудиясының басты оқиғасы – Малайзия, Германия және Англиядан келген қонақтардың келуі болды» -деп бөлісті мектеп басшысы.
Мектеп жаңалықтары апта сайын эфирге шығады, онда мектеп, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі барлық іс-шаралар көрсетіледі. YouTube арнасындағы «Қазгородок ТВ» мектеп телестудиясының мыңға жуық басылымы және 10000 астам жазылушысы бар.
«Мектеп телестудиясы-бұл ұзақ мерзімді жоба, біз оны әрі қарай жалғастырамыз деп үміттенеміз» – дейді мектеп басшылығы.
Ал біз «Мектеп телестудиясы» жобасының барлық қатысушыларына табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз!
Загрузка...


