Дамыта оқыту әдістемесі: Оқып үйренуден іс-әрекетке көшу

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал   дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.

Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген.Жаңаша форматта әзірленген оқу құралдарының мазмұнында білім алушыларға  білімді меңгерудің түрлі кезеңдері фактологиялықтан метатанымдық дағдыларын қалыптастыруғ,яғни жеке тұлғаның өзін-өзі дамытатын және өзін-өзі реттейтін жүйесіне негізделген оқыту моделін іске асыру, жеке тұлғаның даралығына, оның тұтас ішкі әлеміне мотивациялық, операциялық, мінез-құлық, когнитивтік және рефлексиялық компоненттердің бірлігіне бағдар беру қарастырады.

Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға,қысқаша айтқанда репродуктивтік оқытуға бағытталса, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді кез келген мәселе туындаған кезде пайдалана білуге үйретеді. Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің, пікір тұжырымның маңызы зор. Біріншіден – дамыта оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге тырысады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары деңгейдегі мәселелерді шеше отырып, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушы өзі қол жеткізетін деңгейге дейін дамуға қол жеткізе алады. «Нашар оқушы», «Мықты оқушы» ұғымының болмауы, балаларды өзара салыстырмай, мүмкіндіктерге сай танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, қызығушылығын арттырады. Үшіншіден – оқушының жеке тұлғасын  дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті,белсенділігі. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенділік танытуға тарта отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынас, яғни серіктестік пен сенімділік және тағы да басқа  (Ричард Даранттың «Үздік сабақтың 6 қағидаты») қағидаттары нәтижесінде ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі  өктемшілдік стиль бұл жерде тиімсіз, ”оқушы – оқушы”, ”мұғалім-оқушы” бағытында орын алуы тиіс. Осы орайда шалғайдағы ауыл мектептерінің ұстаздар қауымына кәсіби біліктілігін арттыру бағытында және тәжірибелін шыңдаулары үшін жан-жақты қолдау көрсеткендері үшін облыстық білім басқармасына алғыс айтуды парыз санаймын.

Кенжегул ТАНИРБЕРГЕНОВА,
№7 мектеп – лицейінің бастауыш
сынып мұғалімі, Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий