АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК ТАНЫЛДЫ

Мақат ауданы білім бөліміне қарасты А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Кәусар Тілеген республикалық «ProEco» экологиялық конкурсының жеңімпазы атанды. Кәусар конкурстың «Таза қала сізден басталады» атты бағыты бойынша жоба қорғап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Оқушының “Кәріз суының экологиялық мәселелері” тақырыбындағы жобасының мақсаты өңірде кәріз суының экологиялық мәселелерін болдырмау және алдын алу.

– Мақат ауданының және Доссор кентінің экологиялық ластану көзінің бірі- кәріз суы. Туған өлкеміздегі үйлерден, мекемелерден шығатын лас су көздерін төгетін арнайы орындардың болмауы экологиялық мәселе туғызып отыр. Бұл мәселенің өлкеміздің қоршаған табиғатына және тіршілік иелеріне тигізер кері әсері өте үлкен. Бұл жоба өлкеміздегі кәріз суының экологиялық мәселелерін болдырмаужы және алдын алу мақсатында жасалды – дейді Кәусар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий