Абай облысының оқушысы Қазақстан-Британ техникалық университеті грантын иеленді

Робототехникадан «Robotek Grand Tournament» Халықаралық жарысы өтті.

Абай облысынан 7 команда Астана қаласында өткен халықаралық кезеңге қатысып, жүлделі оралды. Олар жеті кезең бойынша бақ сынады. Робот құрастыруда жаратылыстану, технология, инженерия және математика бойынша білімдері мен дағдыларын дамытып, инженерлік принциптерді қолданды.

Жарма ауданы Бақыршық орта мектеп оқушылары Құсайын Әбілмансұр, Рахымжанұлы Әмір «Жеткізуші робот» 10 – 13 жас санатының II орын жүлдегерлері;
«Роботек» 9 – 12 жас санатының II орын иегерлері: Жерихов Артем, Мустафин Тамирлан;

Үржар ауданы Ер Қабанбай орта мектеп-бақшасының 11-сынып оқушысы Мирас Слямғазы КБТУ-да жоғары білім алу грантын иеленді.

Айта кетейік, сайыс екі күнге созылды. Оған елімізден 9 бен 17 жас аралығындағы 200-ден астам оқушы мен Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің үздік командалары қатысты.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий