Ұшам десең ғарышқа…

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының алғысөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемеелұлы Тоқаев: «…Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа  жетелеуіміз керек», – деген тапсырма жүктеген болатын.

Осы тапсырманың негізінде білім алушылардың  танымдық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру мақсатында    10 мамыр күні Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы №59 мектеп-гимназияның 8 «Б» сынып оқушыларынан құралған «Жас ғарышкерлер» тобымен Ғылыми-жаратылыстану кафедрасының «Жаратылыстану сыры – ғылымда»  тақырыбындағы онкүндік бағдарламасы аясында «Жоғары оқу орындарына ғылыми-практикалық жорық» атты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиеті қалашығында орналасқан «Фараби обсерваториясына» экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия – білім алушылардың әртүрлі объектілер мен табиғи құбылыстарын бақылау және зерттеу мақсатында өндіріс, мұражай, көрме, обсерватория, табиғи ландшафт жағдайында оқытуды ұйымдастыру нысаны. Бұл көрнекі идеялар өмірлік фактілерді жинақтауға, оқушылардың сенсорлық тәжірибесін байытуға, практикамен теорияны ұштастыруға, өмірлік білім алуға көмектеседі.

Техникалық прогресс пен инновацияның көшіне ілесіп, ғылыми ізденіске бет бұрған біздің жас ғарышкелеріміз обсерваторияда аспан денелерін бақылаудан бөлек, соңғы астрономиялық жаңалықтарды, Қазақстанның ғарыштық жобалары және отандық ғарышкерлер туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, оқушыларға алдағы  уақытта ғарыш саласына байланысты ғылыми жобалар жасауға кеңестер мен зерттеу тақырыптарына қатысты мәліметтер айтылды.

Өздерінің ғарыштық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, орталық қызметкерлеріне өздерінің көкейлерінде жүрген қызықты сұрақтарын қойып, қиялдарына ерік беріп «Ұшам десең ғарышқа…» әнін шырқап қайтты.

Г.АРЗИКУЛОВА,
№59 мектеп-гимназиясының
география пәні мұғалімі,
З. ХАСЕН,
физика пәні мұғалімі,
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий