АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫҒА ҚАУІП ТӨНГЕНДЕ ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРҒА ХАБАРЛАЙТЫН ҚОСЫМША ОЙЛАП ТАПТЫ

Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 мектебінің 10-сынып оқушысы Смагул Тумар жасанды интеллект тақырыбына қызығушылық танытып, зерттеу жұмысы жүргізіп, оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын «NazarAI» қосымшасын ойлап тапты.

«NazarAi» қосымшасы нақты уақытта бейнекамера материалдарын жасанды интеллект арқылы өңдейді, яғни адамды тану,  адам әрекетін модельдеу, қауіпті сәтте шұғыл хабарлау секілді жұмыстарды ұйымдастырады. Бұл қосымшаның бірнеше қызметтері бар, соның бірі мектепке келген оқушылардың бейне камерадағы кескінін тану және танылған оқушының мектепке келген сәтінде автоматты түрде ата-аналарға хабарлама жіберу. Хабарламада оқушының суреті, аты-жөні, келген уақыты көрсетіледі.

Сурет. «NazarAi» қосымшасы арқылы «Ата-аналарға хабарлама» атты телеграмм каналына оқушының сабаққа келгендігі туралы хабарлама.

Сонымен қатар, қосымшаның тағы бір қызметі –  қауіпті сәтті анықтау. Оқушыға қауіп-қатер төнген сәтте (мысалы, лаңкестер тарапынан қорқыту, қыспаққа алу, мәжбүрлі қолын көтеру сәттері) жәбірленуші екі қолын көтерсе, жасанды интеллект бейнедегі адам әрекетінің компьютерлік моделін құрастырады. Осылайша адам қолы, буындарының бұрыш градустары арқылы есептеулер жүргізіп, адамға қауіп төнгенін анықтайды.

Сурет. «NazarAi» қосымшасының қауіпті сәттегі адам әрекетін модельдеу барысы.

Қауіп анықталған соң, қосымша адам бейнесін скрин жасап, нәтижесін бумаға сақтайды және осы адамға қауіп төнген ақпаратты «Дабыл» атты телеграмм каналына жібереді. «Дабыл» атты телеграмм каналында ішкі істер органдарының арнайы бөлімі тіркелген. Бұл каналдың мақсаты – мектептегі орын алған қауіпті сәтті жылдам құзырлы органдарға жеткізу.

 

Сурет. «NazarAi» қосымшасының қауіпті сәттегі адам әрекетін скриндеп, «Дабыл» атты телеграмм каналына жіберген хабарламасы.

Оқушы осы жобаны жетекшісі Ербол Қуанышұлымен ары қарай жалғастырып, тағы да мүмкіндіктерін зерттеп көрмек.

    

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий