АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ШАНХАЙ ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН РОБОТОТЕХНИКДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА АТТАНДЫ

Абай облысының «TENGRY» құрама командасы Қытайдың Шанхай қаласында өтетін робототехника бойынша әлем чемпионатына аттанды.

Облыс командасы 18-19 мамырда «Shanghai first challenge» халықаралық чемпионатында бақ сынайды.

FIRST – бұл жастарды болашақ сынақтарға дайындайтын білім беру бағдарламалары мен жарыстарды қамтитын әлемдік қауымдастық. FIRST мүшелері инклюзив командаларға бірігеді, робототехника және Steam тапсырмаларын шешеді, инновациялық жобалар әзірлейді және көрсетеді.

Команда құрамында мектеп оқушылары: Осман Қуанышбек, Темірлан Абылахан, Нұртөре Мақсатов, Алан Ермекбаев, Нұркен Төлеубек, Балжан Найманғазина, Досжан Сәбит, Радмир Жеңісбек және жетекші, информатика пәнінің мұғалімі Айдос Тұрсынбеков.

Бұл команда FTC және FLL бағыттары бойынша бірнеше First Kazakstan Championship республикалық және халықаралық чемпионаттарының жеңімпазы.

«Біз облыс оқушыларының робототехника бойынша ең мықты халықаралық командалармен бірге бақ сынап, жарысатындығын мақтан тұтамыз. Бұл – оқушылар үшін өз білімдері мен дағдыларын көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жаңа адамдармен танысу, тәжірибе алмасу және идеялардан шабыт алу мүмкіндігі. Бұған дейін де біздің оқушылар әлемдік және халықаралық чемпионаттарда бірнеше рет ел атынан өнер көрсетіп, әрқашан жеңіспен оралды», – деп атап өтті Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, бұған дейін облыс атынан бірнеше команда Индонезия, Туркия, Сингапур елдерінде әлемдік, халықаралық додаларға қатысқан.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий