Абай облысында студенттер мен оқушылар мектеп, балабақша және колледж ынтымақтастығы аясында трактор жасады

Жарма технология колледжі студенттері мен мектеп оқушыларының бірлескен жобасының нәтижесінде трактор жасалды. Қазір трактор колледжде пайдаланылып жүр.

Трактор толығымен темірден жасалған. Қозғалтқыш, спидометр және беріліс қорабы сияқты барлық қажетті компоненттермен жабдықталған.

“Осы ерекше бірлескен жұмыс балалар мен жастардың күш-жігерін біріктірді. Балабақша тәрбиеленушілері болашақ машинаның макетін сурет қылып салса, ал оқушылар мен студенттер оны екі айда жасап шығарды”,-дейді колледждің өндірістік оқыту шебері Серікқазы Ақшалов.

Құрылған трактор көптеген тапсырмаларды орындай алады: ол ауланы қардан тазалауға, жер жыртуға, сондай-ақ жеңіл жүктерді тасымалдауға жарамды. Қазіргі уақытта трактор колледжде белсенді қолданылады. Болашақта тракторды оқу орнынан тыс жерлерде, ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығында пайдалануға
жоспарлануда. Жас өнертапқыштар тракторды Т-25 деп атаған.

Колледж студенттері: Шыңғыс Тәңірбергенов, Арнұр Болатов, Михаил Кимасов, Біржан Эгизбаев.
Жетекшілері: аға шебер
Алдаш Скаков, өндірістік оқыту шеберлері Қуат Хасенов, Марат Идришев, Серікқазы Ақшалов.

Бұл жоба әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің табысты ынтымақтастығының жарқын үлгісі және студенттер үшін практикалық оқытудың маңыздылығын көрсетті.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий