13-15 мамыр күндері Астана қаласында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 7-8 сынып оқушылары арасында химия, биология пәндерінен өткізген республикалық олимпиадада Ақтөбе «Білім-инновация» лицей-интернатының 8 оқушысы қатысып, 8-і де жүлделі орындарға ие болды!
Нәтижесінде, Ақтөбе облысы – «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» атағын жеңіп алып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Химия пәнінен:
Іскендір Алихан — алтын
Латиф Дамир — алтын
Сейтказиев Нурсейіт — күміс
Бакыт Султан — күміс
Биология пәнінен:
Варин Марк — алтын
Омар Нурасыл — күміс
Дуйжанов Арсен — күміс
Мынбай Санжар — қола
Ақтөбе облысының намысын қорғап, білім додасында жеңіс тұғырынан көрінген дарынды оқушыларымызды, олардың ата-аналары мен жетекшілерін мәртебелі жеңістерімен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!
