МЕНІҢ ОТАНЫМА – МЕНІҢ БАСТАМАМ!

ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалардың республикалық байқауын 2024 жылғы 15-31 аралығында қашықтық форматында ұйымдастырып өткізеді.

Дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету Байқаудың мақсаты болып табылады.

Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 160 білім алушысы – облыстық, қалалық (Астана, Алматы және Шымкент) кезеңдердің жеңімпаздары қатысады

Оқушылардың жобалық қызметі – бұл танымдық, оқу, зерттеу және шығармашылық қызмет, нәтижесінде жоба түрінде ұсынылған мәселенің шешімі пайда болады. Оқушы үшін жоба – бұл өзінің шығармашылық әлеуетін барынша ашу мүмкіндігі.

Байқауға қатысушылар «Жақсылық керуені», «Отаным – қасиетті туған жерім», «Мен – Қазақстанның азаматымын», «Менің ашық университеттерім», «Қазақстанның жеті кереметі», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңғырту полюсі», «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациялары бойынша әлеуметтік және шығармашылық жобалар ұсынылатын болады.

Байқау жобаларын қазылар алқасының мүшелері – Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ж.А. Тәшенев атындағы университетінің өкілдері бағалайды.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий