«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» БАЛАЛАР КИНОСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР Оқу- Ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 15 – 31 мамыр, қашықтық форматында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалін өткізуде.
Кинофестивальдің республикалық кезеңіне республиканың барлық өңірлерінен 140 бала -қысқаметражды фильмдерін ұсынады.
Фестивальдің мақсаты: кинематография арқылы білім алушылардың бойына моральдық-адамгершілік, эстетикалық және әдеб құндылықтарды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ету, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, балаларды қосымша біліммен қамту.
Фестиваль номинациялары: Ойынды кино, STOP-MOTION-видео, үздік әлеуметтік жарнама, Үздік бейнеклип, бейнеролик, телевизиялық сюжет, балаларға арналған ең жақсы телебағдарлама, үздік ғылыми-танымал фильм.
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» байқауы балалар мен жастарды кинотеатр, кино көру және шеберлік сыныптары арқылы рухани, зияткерлік және интеллектуалдық жағынан шығармашылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелейді.
Фестивальдің қорытындысы бойынша жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталады. Фестивальдің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
Загрузка...