МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІН АША ОТЫРЫП ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСАМЫЗ

Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша “Мамандықтар әлемін ашамыз” республикалық форумын өткізеді. Бұл іс-шара мектеп оқушыларын әртүрлі мамандықтарды зерттеуге шабыттандырып қана қоймай, болашақ, сұранысқа ие мансапты саналы түрде таңдауға көмектесуді мақсат етеді.

Бүгінгі таңда оқушылардың кәсіби бағдары қосымша білім беру жүйесіндегі басты басымдықтардың біріне айналуда. Сондықтан форум еліміздің түкпір – түкпірінен -облыс орталықтарынан бастап Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалаларға дейін 180 үздік қатысушыны тартты.

Форум “Мен мамандықты … таңдаймын” және “Менің кәсібім – менің бизнесім” номинациялары бойынша қызықты жобаларды қорғау алаңына айналады. Жас таланттар заманауи мамандықтар мен олардың тартымдылығы туралы айтып қана қоймай, жаңа мамандықтардың бизнес-жоспарлары мен идеяларын ұсына отырып, болашаққа көз жүгіртеді. Сонымен қатар, қатысушылар “Жас мобилограф” форматында бейнесюжеттер дайындады, онда смартфондардың көмегімен түрлі мамандықтарды жарнамалайтын және жарқын эмоциялар мен қызықты сәттерді көрсететін шығармашылық бейнероликтер жасады.

Форумның басты мақсаты – азаматтықты, патриотизмді, салауатты өмір салты қағидаттарын қалыптастыру және жеке даму мен кәсіби өзін-өзі анықтау үшін жағдай жасау. Бұл оқиға оқушылардың кәсіпті саналы түрде таңдауға, кәсіби әлемнің ерекшеліктерін білуге және әртүрлі мамандықтардың өкілдерін құрметтеуге деген қызығушылығын дамытуға ықпал етеді.

Жеңімпаздар жүлделермен марапатталады. Дипломдардың электрондық нұсқалары, жетекшілерге алғыс хаттар және қатысушыларға сертификаттар www.ziyatker.org. сайттында орналастырылады.

“Мамандықтар әлемін ашамыз” форумы – бұл сіздер үшін өз таланттарыңызды көрсетуге, мамандықтар әлемі туралы көбірек білуге және табысты болашаққа алғашқы қадам жасауға бірегей мүмкіндік.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий