БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕПТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКТЕПТЕРІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ – ЖАС МУЗЫКАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ!

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 20-23 мамыр аралығында Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауын қашықтық форматта өткізеді.

Фестиваль-байқау музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру, балаларды қосымша біліммен қамту мақсатында өткізіледі.

Фестиваль-байқауға Балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептері (мамандандырылған мектептер мен колледждерден басқа), оқушылар сарайлары (үйі, орталық, кешен, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы) музыка мектептерінің ішекті-ысқылы, үрлемелі және соқпалы аспаптар сыныбы бойынша республиканың облыстық, қалалық (Астана, Алматы және Шымкент) кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.

Фестиваль-конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

а) ішекті-ысқылы, үрлемелі және соқпалы аспаптар сыныбы бойынша білім алушылардың жеке орындауы;

б) музыкалық ұжымдардың ішекті-ысқылы, үрлемелі және соқпалы аспаптар сыныбы бойынша өнер көрсетуі.

Фестиваль-байқау музыкалық өнердің жоғары көркемдік үлгілері негізінде жас музыканттарды тәрбиелеу және рухани-адамгершілік дамыту, білім алушылардың танымдық қызығушылықтары мен эмоционалды қабылдауын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Фестиваль-байқаудың жеңімпаздары дипломдар мен сыйлықтар, жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттар, барлық қатысушылар сертификаттар алады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий