ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы 2024 жылды «Лайықты еңбек жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы ретте кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбек қауіпсіздігі мен лайықты жалақыны қамтамасыз ету, әлеуметтік серіктестікті нығайту сияқты мәселелер жіті назарда.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы аймақтағы білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңдылығының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жалғастыруда. Бұл жолы “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кəсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай Ақтөбе жоғары политехникалық колледжіне барды.

Кәсіподақ өкілдері аталған білім ордасының бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысты. Еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен оқытушылар мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер берді.

Жауапты мамандар ұжымдық шарт, ішкі еңбек шарттары мен өзге де құжаттарды көрсетіп, оларды жүргізу бойынша әдістемелік көмек алды.

“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кəсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий