ҚАҒАЗДАН ТҮРЛІ БҰЙЫМДАР ЖАСАЙТЫН ЖАС ШЕБЕР
Экологиялық проблемаларға қызығушылық танытқан Хромтау ауданы №4 Хромтау орта мектебінің 5-класс оқушысы Злата Власовских – қағаздан түрлі бұйымдар жасайтын талантты жас шебер. Ол қағаздан себет, құмыра, нан қорабы, әшекейлер сияқты түрлі өнімдерді өз қолымен жасап, жақындарына сыйға тартуда.
Мені тұрмыстық жағдайдағы қағаз қалдықтарының экологиялық жағдайы, қоршаған ортаға зияны қатты толғандырады. Баршаға макулатура мен рециклизацияны жинаудың маңыздылығын айтқым келеді. Қоқыс, бояу және типографиялық бояулардың жануы – зиянды диоксидтер. Бұның барлығы адам өміріне қауіпті,- дейді оқушы.
Злата оқу жылының аяқталуына байланысты сыныптас достарына өзі жасаған бұйымдарды сыйға тартқан. Ол алдағы уақытта өз жобасын түрлі байқауларға ұсынуды көздеп отыр.

