АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҮЗДІКТЕРІ ҚҰРЫЛДЫ

Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобаны іске асыруда.

Бастапқы кезеңде жобаға қатысуға 8068 адам тіркеліп, оның 2809-ы тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижелері бойынша оқуға ұсынылған үміткерлердің сараланған тізімі қалыптастырылды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 208 үміткер басшылардың республикалық кадр резервіне енгізілді.

Ақмола облысының білім беру мекемелерінен республикалық кадр резервіне 8 үміткер енді.

Жоба туралы өз пікірімен Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының директоры Икранбек Муктар бөлісті.

«Әрине, әрбір білім беру мекемесіне мектептің тиімді жұмыс істеуін және оқушыларды табысты оқытуды қамтамасыз ете алатын білікті және шабыттандыра алатын басшылар қазіргі таңда ауадай қажет. Көшбасшылық қасиеттер мектепті басқаруда шешуші рөл атқарады, сондықтан мектеп басшысы қандай қасиеттерге ие болуы керек екенін анықтау маңызды. Бұл жоба бізге еліміздегі кез-келген мектепті жақсы деңгейге көтеру үшін, мектеп басшысында қандай көшбасшылық қасиеттер болуы керек? Қоғаммен қандай қарым-қатынаста болуы керек? Мектептің дамуын қалай жүзеге асыру қажет? деген сан түрлі сұрақтарға жауап алуда көп мүмкіндіктер бере алды»,- деп жас басшы өз әңгімесін бастады.

«2024 жылдың ақпан айының 16 күні Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясына мектеп басшысы болып тағайындалдым. Мектебіміз қаладағы көлемі жағынан да, оқушылар саны жағынан да ең үлкен мектептердің бірі болып табылады. Білім беру өзгерісінің 1000 көшбасшысы жобасы мектепті басқаруда, ұжыммен қарым-қатынасты жақсартуға, оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз етуде, сыртқы байланыстарды нығайту бойынша, мектебімізге бірнеше жобаларды енгізу жағынан көп септігін тигізеді деп сенемін. Басшылық жұмысты енді ғана бастағандықтан жасалынатын жұмыстардың нәтижесін айту әзірге қиындау, дегенмен білікті мамандардың арқасында, ата-аналар мен оқушыларды біріктіре отырып, жақсы жетістіктерге жетемін деген сенімдемін»,- қосып айтты мектеп директоры.

«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобаны жүзеге асыру «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептерді даярланған басшылармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге, ең бастысы, жаңа үлгідегі көшбасшылардың кадрлық резервін, білім берудегі өзгерістің көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

2024 жылы білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жоба өз жұмысын жалғастырды. Ақмола облысынан кадр резервіне қабылдау үшін 166 педагог өтініш берді, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынан – 7, орта білім беру ұйымдарынан – 114, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан-45 педагог.

Бұл жобаның айырмашылығы, резервшілер бірінші басшының бос орнына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады. Барлық кезеңдерден сәтті өтіп, сертификат алғандарға «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий